Әйелін сабап өлтірген 37 жастағы ер адамды Ақтөбе соты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Әйелдің басына қан құйылған, миі ісінген. Жәбірленушіге жедел жәрдем бригадасы келген, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Көмек қайта шақырылғаннан кейін ғана емдеу мекемесіне жеткізілген. Жансақтау бөлімінде көз жұмды. Сот жедел жәрдемді әйелді мәжбүрлеп алып кетпегеніне сын айтты. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ерлі-зайыптының бір баласы қалды.
ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
– Сот үкімімен айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының атына жедел жәрдем қызметіндегі анықталған олқылықтарды жою және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу туралы жеке қаулы шығарды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.