Атырауда ұл-қызын қорлап, ақшасыз үйге кіргізбей қорлаған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Өкініштісі әкелген тиын-тебенді ішімдікке жұмсапты.
14 жастағы Кирилл үнемі қараусыз. Анасы екі күннің бірінде жанжал шығарып, ұлын ішімдікке ақша табуға мәжбүрлейді. «Құр қол келсе, үйге кіргізбей жібереді», — дейді көршілері. Ал үш жастағы қыздың көргені – күнделікті жанжал. Нағашы ағасының қарауында қалады екен.
МАРАТ ХАСАНОВ, КӨРШІСІ:
— Отбасылары жұмыс істемейді, ішеді. Балаға қарамайды-ау. Көбіне қаңғып далада жүреді. Базарда анда-мында. Ата-ана арақ ішкен соң қызық болмайтыны рас қой. Мектепке бармайды. Арақтан көз ашпайды.
Қазір 14 жастағы жеткіншек бейімдеу орталығында, ал 3 жастағы қыз бала сәбилер үйіне орналастырылған. Психологтар көмек көрсетіп жатыр.
ҚҰНДЫЗ ГИНИЯТОВА, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Келгенде енді көңіл күйі болмады. Анасын іздеді. Жылады. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, көңіл-күйі де жақсы. Бұған дейін де бала түскен болатын. Орталықтағы балаларға біздерге тез бейімделіп кетті. Ақкөңіл, жақсы.
Полиция осыдан бір жыл бұрын балаларға қатысты міндеттерін орындамағаны үшін анасын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Қазір кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия ата-ана құқығынан айыруды қарап жатыр.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Атырау қаласында өзінің кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесімен және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-анаға қатысты қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда. Жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады.
Жалпы бейімдеу орталығында 24 жеткіншек бар. Мұнда ұл-қыздарға мамандар психологиялық қолдау көрсетіп, көмек көрсетеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.