Шымкентте полицейлер 6 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Жай қызметкерлер емес, жедел уәкіл және аудандық полиция басқармасының бастығы. Олар есірткі сату жазасын сақтау жазасына уыстырып, жазаны жеңілдетеміз деп уәде берген. Бұл ақпаратпен әлеуметтік желіде бөліскен заңгер Талғат Есимов, Шымкентте аудандық полиция бастығының мұндай баппен ұсталуы алғаш рет екенін атап өтті. Құзырлы орган өкілдері әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.