5 ай бойы 5 жұлдызды қонақүйде тегін демалып, қымбат мейрамханадан тамақтанған. 8 миллион теңгені төлемей кеткен Астана тұрғыны қамауға алынды. Қулығын асырып, сан соқтырғаны былай тұрсын, ішіп-жегенін әлеуметтік желіге жариялап отырған. Достарын шақырып, аста төк дастархан жайған. Бұның бәрін жалған төлем картасымен өтепті. Сот ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жұмсалған ақшаны қайтарды. Соттағы жауабына сүйенсек, ол әлеуметтік желіде танымал болу үшін жасаған.
ДИНАРА ТУКЕЕВА – АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Жәбірленушілер төлем құжаттарынын түпнұсқасын тексермей оған тауарлар мен қызметтерді көрсеткен. Банктік қосымша арқылы жіберген, бірақ іс жүзінде шотта қаражат болмаған. Алаяқ қонақ үйде бөлмелерді брондап бірнеше күн бойы достарымен бірге тамақ пен сусынға тапсырыс беріп тұрақтаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.