Энергетика министрі: ЖЭО тозу деңгейі төмендеп келеді

Елде 9 жылу-электр орталығы «қызылдан» «сары» деңгейге өтті. Инфрақұрылымды жаңғырту мұнымен тоқтамайды. Президенттің тапсырмасы бойынша алдағы бес жылда 14 гигаватт жаңа қуат көзі іске қосылады. Оңтүстік өңірлерде бірнеше электр станциясы бой көтереді. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елімізде ауқымды жөндеу науқаны да белсенді жүріп жатыр. Биыл 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Бұл жұмыс нәтиже беруде. Еліміздегі ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 64 пайыздан 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа ауысты.
———————————————