Ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы облыстарындағы мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту. Бүгін Роман Скляр бастаған түрлі ведомоство өкілдері отандық жанар-жағармай жағдайы туралы кеңес өткізді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, қажет отын қоры жеткілікті. Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды, оның ішінде өңірлерде тауарлар қозғалысы мен отын шығынына мониторинг жүргізу арқылы бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.