Алматы облысының диқандары биыл картоптан мол өнім алып жатыр. Шеңгелді алабындағы тамшылатып суару технологиясы енгізілген алқаптарда әр гектарға шаққандағы өнімділік 25 тоннаға дейін жетті. Бұған өңірдегі картоп өсірумен айналысатын шаруашылықтардың Еуропа елдерінен элиталық тұқымдарды сатып алып, егуі оң ықпал еткен. Үкімет тарапынан қазір элиталық тұқым себілген алқаптардың әр гектарына 140 мың теңгеден қолдау қаржы төленеді. Оған қоса шаруашылыққа қажетті жаңа техникаларды сатып алуға жұмсалған қаржының 30 пайызы үкімет тарапынан субсидияланды. Дақылды сақтап, саудалау мәселесінде ешқандай түйткіл жоқ. Шаруалар өз өнімдерін Алматы қаласындағы ірі сауда орындарына өткізеді.
ҚУАНЫШ ДОДАЕВ, АГРОФИРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жеңілдетілген жанар-жағармайымызды 250 теңгеден береді. Бір гектарға тұқымға 140 мыңнан айналады. Бұл тек субсидия. Біз жылда аламыз. «Артемис», «Доната» деген екі сорт аламыз. Биыл 60 тонна алдық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.