Алматыда түн ортасында шабыс ұйымдастырған салт аттылар жазаланды

Алматыда түн ортасында шабыс ұйымдастырған салт аттылар жазаланды. Жуырда- Үркер тобының әншісі Айдос Сағат қаланың қақ ортасында атпен шабатындарға шағымданып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған еді. Кадрда ат тұяғының дүбіріне салт аттылардың айқай-шуы араласқан. Өнер иесінің айтуынша, мұның бәрі күн сайын қайталанады. Көп ұзамай, алматылық полицейлер тексеріс жүргізіп, қатысушылардың жеке тұлғасын анықтады. Кінәлілер жануарларды ұстау ережесін және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————