5 ай бойы бесжұлдызды қонақүйде тегін тұрған алаяқ сотталды | 21.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҮШ ЖАНАЗА, ҮШ ҮМІТ…
Үржардағы трагедияның жалғасы. Бестеректегі көлік қаққан үш бала жерленді. Ал бас сүйегі сынған жеткіншектің халі мүшкіл.

ТАС ЖҮРЕК АНА
Атыраулық ана ұл-қызына тамақ бермей, аш-жалаңаш қайыр сұратқан. Енді ол ана құқынан айрылуы мүмкін. Ақша табуға мәжбүрлеген әйел ішімдікке салынған.

БӘРІ ТЕГІН
5 ай бойы 5 жұлдызды қонақүйде тегін демалып, қымбат мейрамханадан тамақтанған. 8 миллион теңгені төлемей кеткен Астана тұрғыны қамауға алынды. Қулығын асырып, сан соқтырған кім?

КҮН КҮРКІРЕСЕ ҚАЙТЕМІЗ?
Найзағай түсіп, бір бала мерт болды, екіншісінің денесі күйген. Ақмола облысының Үлгі аулындағы жағдай қазақстандықтарды ойландырып тастады. Күн күркіресе не істеу керек?

ТҮНГІ ШАБЫС
Алматылықтар шырт ұйқыда жатқанда қалада атпен шапқан бір топ шабандоз жазасын алды. Ат тұяғымен алып шаһарды басына көтергендер айыппұлмен құтылды. Жергілікті жұрт олардың үнемі осылай жасайтынын айтып, шағымданды.
———————————————