Ақтөбедегі ойын баласы оқыста саусағынан айырылды. Аттракционның тізбекті механизміне қолын қойып отырған 5 жастағы бүлдіршін қыздың бас бармағын жұлып кеткен. Шыр-пыр болған анасы орталықты жіті тексеруді талап етіп, полиция мен сотқа арыз түсірді. Ал ойын-сауық орталығының әкімшілігі көмектесу туралы ләм-мим демеген. «Қауіпсіздік талабына сай келмейтін қызмет көрсету» бабымен қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, анасы балаларын ертіп жаңа оқу жылына дайындалу үшін Қобда ауданынан келген. Үш оқушыны сабаққа әзірлемек болған. Даярлық сыныбына баруы тиіс қыз бала қазір ауруханада жатыр.
ҚУАНТАЙ МАХАМБЕТОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ:
— Жарақаты ауыр, себебі саусағын жұлып кеткен. Саусақты алып келді, Механизммен қысылған, жаншылған, жаны жоқ, оны орнына тігуге келмейді. Басқа да мамандарға көрсетілді, келмейді. Орны тегістеліп, қалпына келтіріліп, көмек көрсетілді. Емін алып жатыр, қазір жағдайы қалыпты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.