Бестеректегі жағдайдан кейін 55 жастағы жергілікті тұрғынды Үржар аудандық соты жүргізуші куәлігінен айырды. Ол 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен неврологтың диспансерлік «Д» есебінде тұрған. Бірақ іс материалдарына сәйкес, 2020 жылдың 8 шілдесінде оған B, B1, C, C1, тіпті басқа да санаттағы көлік құралын жүргізу құқығы берілген. «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, егер адамның денсаулығы медициналық қорытынды арқылы көлік жүргізуге қарсы көрсетілімге ие болса, оның жүргізушілік құқығы тоқтатылуға тиіс. Бестеректегі қайғылы жағдайға жүргізушінің денсаулығындағы кінәрат себеп болуы мүмкін. Бұл туралы «Курсив» ақпараттық басылымы хабарлады.
Еске салайық, Toyota тізгіндеген жүргізуші аулада ойнап жүрген алты баланы таптап кеткен болатын. Олардың үшеуі қайтыс болды. Екеуі Астанадағы көпбейімді балалар ауруханасында. Тиісті тексерулер мен емдеу шаралары жүргізіліп, дәрігерлер бақылап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.