Алматыдағы әлемдік поп-жұлдыз Джей Лоның концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталып, қамауға алынды. Өйткені біраз көрермен концертке кіре алмай кері қайтқан болатын. Әншіге үш раушан сыйлап, көпке танылған Мадияр есімді жігіт өзге көрермен секілді билетті делдалдан сатып алып, кіреберісте QR-коды сәйкес келмей, сыртта қалды. Оқиғаға біраз уақыт өткеннен кейін поп жұлдыз фанаты Алматыға барып, бұл жайында түсініктеме берді.
МАДИЯР МОЛДАШЕВ – АСТАНА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен қазір Алматыдамын, адвокатпен бірге келіп тергеуде барлығын айтып бердім. Тергеу басталды, бірақ қалай болып жатқанын айта алмаймын, себебі мен жария етпеу туралы келісімге қол қойдым. Тергеу тобына алғыс айтқым келеді, себебі олардың жұмысы өте нәтижелі болып келді. Енді әділдік орнап, барлық жәбірленуші ақшасын қайтарады деп сенемін. Мақсатымыз сол.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.