Қытайдан Түркияға дейін: Транскаспий халықаралық дәлізі кеңейіп келеді

Соңғы 5 жылда жүк тасымалы 6 есе артты. Транскаспий бағыты Еуразиялық логистиканың негізгі буынына айналған. Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркиямен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту – басты міндет. Нәтиже де жоқ емес. Серіктестермен бірлесе отырып, 2027 жылға дейін «тұйық» жерлерді синхронды жою бойынша жол картасы әзірленді. Оның аясында «Достық – Мойынты» теміржол желісі пайдалануға берілді, Алматы стансасының айналма жолы салынады. Порт инфрақұрылымы жаңғыртылады.

———————————————