Бішкектегі келісім: қос елге ортақ тиімділік қандай?

Қазақ-қырғыз арасындағы ынтымақтастық жылдан жылға бекемдей түсуде. Жуырда екі ел басшылары Бішкекте бірқатар құжатқа қол қойды. Одан- мемлекеттер не ұтады? Қандай нәтиже күтуге болады? Сарапшы пікірін тыңдап көрейік.
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
Қазақ-қырғыз елдері бұрыннан бері бір-біріне жақын, туыс елдер. Мәдениет жағынан, тарихы жағынан бір-бірімен араласып жатқан елдер. Мысалы, Қырғызстанда Қазақстан, Өзбекстан бірігіп, гидростанцияны салып жатыр. Одан кейін біздің мына оңтүстік аймағымыз Жамбыл облысы, әсіресе осы қырғыз тарапына энергетика, осы су мәселелерінде байланыстылығы бар.

———————————————