Алматы облысында соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы мен коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмай бос жатқан 367 мың гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды. Оның 100 мыңы мұқтаж шаруаларға беріліп, игеріле бастады. Жер ресурстары жөніндегі өңірлік департаментке қала мен ауданнан қосымша 800-ден астам материал жолданған. Бұл да сот шешімімен мемлекетке қайтарылады.
АРТЫҚБАЙ БОЛҒАНБАЕВ, ЖЕР ҚАТЫНАСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ұзақ мерзімге жалға алу шартымен алған. Алайда арада қанша уақыт өтсе де, пайдаланылмай, бос жатқан жер учаскелері қайтарылды. Мониторинг нәтижесінде анықталып, жер ресурстарын басқару департаментімен сот арқылы осы жер учаскелерін қайтарып жатырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.