Бес күндік жұмыс аптасы ел арасында қалыпты жағдай болғанымен, оны қысқартуға қатысты пікірталастар әлі де оқтын-оқтын туып тұрады. Мәселен, жуырда әлеуметтік желіде бір бойжеткеннің «5/2» жұмыс кестесіне қатысты жазбасы қызу талқыға түсті. Жалпы, көптеген зерттеуге сүйенсек, төрт күндік жұмыс аптасы тек қызметкерлер үшін ғана емес, бизнес үшін де тиімді. Стресс азаяды, өнімділік артады, шығындар қысқарады. Мұндай тәжірибе бүгінде Испания, Жапония, Бельгия мен Польшада кең қолданылады. Оң нәтижесін де берген. Қазақстанда да бұл формат 2023 жылы айтылды. Бірақ сол күйі нақты шешім қабылданған жоқ. Осы ретте арна тілшілері елордалықтардан 4 күндік жұмыс аптасына қатысты көзқарастарын біліп қайтты. Бірге зер салайық.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.