Silk Way Star мега жобасына қатысушылар Астанаға жиналды

Халықаралық Silk Way Star мега жобасына қатысушылар Астанаға жиналды. Бірақ өнер иелері бір-бірімен кездеспейді және жеке репертуарымен бөліспейді. Бұл халықаралық ән байқауында Қазақстан атынан Alem лақап атымен белгілі «91» тобының солисі Батырхан Мәліков өнер көрсетеді. Қазір үміткерлер музыкалық додаға дайындалып жатыр. Жалпы байқауда Шығыс Азия мемлекеттерінен 12 өнерпаз бақ сынайды. Музыкалық жоба «Жібек жолы» телеарнасында көрсетіледі.

———————————————