Ақтөбедегі аттракционда 5 жастағы қыз саусағынан айырылды | 22.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

КАРУСЕЛЬ КЕМТАР ҚЫЛДЫ
Ойын-сауық орталығындағы аттракционда 5 жасар қыз баланың саусағы жұлынды. Оқиға Ақтөбеде болған. Кілтипан қауіпсіздіктен кетті ме әлде қызметкерлер қырағы болмады ма?

КӘРІ АҒАШ ҚАУІПТІ
Аптап ыстықта сая табатын ағаш төбеге құласа қайтеміз? Алматыдағы тал-теректің бәрі бірдей жайқалып тұрған жоқ. Арасында тамыры солып, қурағаны көп. Жақында жел тербеп, бір әйелді кәрі ағаш басып қалған болатын. Жасыл желектің жас-кәрісін екшеп, бұталайтын қызмет қайда?

ЗАУЫТТАН ҚОРҚАДЫ
Қарағанды халқы медициналық қалдықты өртейтін зауыт салуға қарсы. Онсыз да айналасы кәсіпорынға толы Курьяновка ауданының тұрғындары түтінге тұншығамыз деп зар жылап отыр.

ӘУЕЖАЙ КҮНДІЗ ЖАБЫЛАДЫ
Енді елордаға ешкім жарықта келіп-кете алмайды. Астана әуежайы күндіз жұмысын тоқтатады. Алыс-жақыннан келіп-кететін ұшақ кешқұрым ғана қабылданады. Бұған не себеп және қолайсыздық қаншаға созылады?

СЕКСЕНДЕГІ СЕРГЕКТІК
Сексенге келсе де жүгіруін тоқтатпаған. Атыраулық қария қалың елді үздіксіз қимылдауға шақырады. Таңмен таласып жаттығу жасайтын ақсақал шаршамай жүгірудің қыр-сырымен бөлісіп жүр.

———————————————