Шымкентте жастар жаппай төбелесті

Шымкентте жаппай төбелес болды. Куәгерлердің сөзінше, түн жарымда 50-ге жуық адам жұдырықтасқан. Төбелестің неден шыққаны әзірге белгісіз. Дегенмен олардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы қамауға алынды. Жаппай төбелескен жастардың үстінен полиция қылмыстық іс қозғады.
ҒАНИ БАҚЫТЖАНҰЛЫ — АБАЙ АПБ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
— Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————