Үржар ауруханасында жатқан қыз бала Семейге жөнелтілді

Үржар аудандық ауруханасында жатқан 9 жасар қыз бала санитарлық авиация бортымен Семейге жөнелтілді. Әуе бортында дәрігерлермен бірге баланың әкесі де бар. Жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы әлі ауыр. «Қазір ес-түссіз, тек дәрінің көмегімен жатыр», — дейді дәрігерлер. Семейден барған мамандар баланың жағдайын тексеріп, жолға жарамды деп шешкен.
Үржар ауданындағы Бестерек ауылында автокөлік алаңсыз ойнап отырған 6 баланы қағып кеткен болатын. Үш бала қайтыс болып, үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Екі бала астаналық дәрігерлердің қарауында.
———————————————