Вьетнамда 500 мыңнан аса азамат жаппай көшіріліп жатыр. Бәрі дүлей дауылдың кесірі. Соған байланысты елдегі мектептердің бәрі жабылған. Бірқатар әуежай қызметін тоқтатқан. Кемелердің теңізге шығуына тыйым салынған. Билік өкілдері таратқан ақпарға сәйкес, «Кадзики» деп аталатын тайфун бүгін шарықтау шегіне жетеді. Желдің жылдамдығы сағатына 166 шақырымға дейін жетіп, су тасқыны мен лай көшкіні жүреді деген қауіп бар. Сондықтан тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана «Кадзики» тайфуны Қытайдың астаң-кестңін шығарған еді.
«ТУРИСТІК ҚАМҚОР» ӘКІМШІЛІГІ:
«2025 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша Вьетнамда туркоды бар 7 мыңнан астам қазақстандық турист бар. Қазіргі уақытта «Туристік Қамқор»-ға олардан өтініш келіп түскен жоқ. Біздегі ақпаратқа сәйкес, Камрань, Дананг және Фукуок халықаралық әуежайлары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық рейс кестеге сәйкес орындалып жатыр. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету жүйесі әкімшісінің қызметі тек туркоды бар туристерге ғана таралады, яғни Кепілдік жүйесіне қатысушы туроператорлардан жолдамалар сатып алған туристерге қолданылады».
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.