Kaspi банк мобильді қосымшасындағы жеке кәсіпкерлерге арналған функция уақытша жұмыс істемей қалды. Қолданушылар бүгін таңнан бастап төлем қабылдау, Kaspi Pay арқылы ақша аудару секілді бірқатар қызметке кіре алмай жатқанын айтып шағымданды. Банк ақаудың техникалық себептерге байланысты болғанын айтып, қызметті мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге уәде берді. Түстен кейін банктің баспасөз қызметі ақау жойылғанын хабарлады. Қазір қосымша жұмыс істеп тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.