Биыл Ата заңымызға 30 жыл

Биыл Ата заңымыз – Ел Конституциясына 30 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда еліміздің әрбір тұрғыны Конституцияға маңызды және тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде жүгінеді. Еліміздің бас құжатына бірнеше рет өзгерістер мен түзетулердің енгізілуі де – уақыт талабы. Ең соңғы рет Ата Заңымыз республикалық референдум қорытындысы бойынша өзгерген еді.
ӘСЕТ БАЛҒЫНТАЕВ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
— Білесіздер, 2022 жылы 5 маусымда Бүкіл республикалық Референдум болды. Соның нәтижесінде конституция нормаларына біршама өзгеріс енгізілді. Олар жалпы және Президенттің Парламент өкілеттіктеріне, сол секілді сайлау жүйесіне өзгерістер енгізумен байланысты. Сол секілді әкімдерді тағайындлау кезінде тәртібімен байланысты және адам құқықтарын қорғаудың механизмдерін жетілдіруге байланысты жаңағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық мәртебеге ие болды. Сол секілді азаматтардың тікелей өтініш білдіру құқықтарына ие болған ҚР Конституциялық сотының қайта құрылуы. Осы негізгі өзгеріс болып саналады. Сонымен бірге біз Конституциялық деңгейде өлім жазасына тыйым салдық.
———————————————