Қазақстандық өнімге басымдық беріледі. Үкімет дүкен сөрелерінің елу пайызында отандық тауарлар тұруы тиіс деп талап қойды. Бұл – ішкі нарықты қорғау әрі қазақстандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетігі. Бұдан бөлек, Сауда министрі сапасыз әрі қауіпті өнімге жол жоқ деп отыр. Соңғы айларда мамандар 47 мыңнан астам көлікті тексеріп, 600 мың тоннадан артық мал шаруашылығы өнімін сараптаған. Соның нәтижесінде 900-ден аса жүк көлігі кері қайтарылды. Ал мыңнан аса сәйкестік құжатының күші жойылған.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
— Қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі жасалады. Онда өндірушілер туралы нақты деректер жинақталады. Осы арқылы өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларын алады. Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға еркін қатысады. Мемлекеттік қолдау алған сауда субъектілері сөренің 50 пайызын отандық тауар өндірушілерге беруі керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.