Шымкентте жастар жаппай төбелесті | 25.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕРЕЖЕСІЗ ТӨБЕЛЕС
Жұдырықтасуға не себеп? Шымкентте жастар жаппай төбелесті. Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінің жанында болған. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген төбелес ізімен қылмыстық іс қозғалды.

АВТОСАЛОНДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ
Көлігіңізді 10 күннің ішінде қымбатқа сатып, ақшасын қолға береміз. Сізге осындай хабарлама келсе, сенбеңіз. Атырауда автосалон жүзге жуық адамды сан соқтырып кетті. Енді көлік те, ақша да жоқ.

ЖЕР ДАУЫ УШЫҚТЫ
Жер сатып алып үй салған Қонаев тұрғындары дауға ілікті. Енді олар дымсыз қалуы мүмкін. Өйткені қалалық әкімдік ол жерлердің кезінде заңсыз үлестірілгенін алға тартып, сотқа жүгінген.

ТАЙФУН ТЫП-ТИПЫЛ ЕТТІ
Вьетнамды жойқын тайфун шайқады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 600 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Дәл қазір ол елде демалып жүрген қазақстандық туристер бар ма?

«ЖЕТІНШІ АРНА» ҰСЫНАДЫ
«Жетінші арна» көрерменге тосынсый әзірлеп жатыр. Арнаның шығармашылық тобы қытайлық компаниямен бірлесіп «Іледе күтемін…» телехикаясының түсірілімін бастады.
———————————————