Вьетнамда дүлей дауыл ойран салды. 3 адам опат болып, 10 тұрғын жарақат алды. «Каджики» деп аталатын тайфун кесірінен Ханой көшелері көлге айналған. Топан судан 7 мың үйге зақым келіп, 30 мыңдай гектар егістік алқап жарамсыз болып қалды. Екпінді желден 18 мың ағаш пен 300-ден аса электр бағаны құлаған. Қазір елде мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.