Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді. Тәртіп сақшылары дереу отты сөндіріп, жедел жәрдем зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Елді елең еткізген оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның бұл әрекетке баруына азаматтық некедегі әйелімен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Бұл – алдын ала болжам. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.
———————————————