Жаңа оқу жылында Атырау іргесіндегі Ақсай-2 ауылында жаңа мектеп ашылмайды. Бұған ата-аналар өкпелі. Өйткені үш ауысымда білім алатын балаларымыздың оқу үлгерімі нашарлап, сабаққа құлшынысы жоғалады деп отыр. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл – уақытша қолайсыздық. Жаңа мектеп көп кешікпей пайдалануға беріледі.
АЙНАГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Бүгінгі күні Ақсай-2-де 900 орындық «Келешек» мектебінің жобасы аяқталды. Қазір құжаттарды қабылдап алу, мектепті қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйектің аяғына дейін мектеп толығымен пайдалануға берілмек. Елді мекеннің оқушылары сол білім ордасында білім алуға толық мүмкіндік алады. Бүгінде мектеп басшылығы тағайындалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.