Астанада өз курсын сатқан коуч әйел 5 жылға сотталды

Астанада өзін бизнес-коуч деп таныстырған алаяқ әйел 5 жылға сотталды. Ол Instagram арқылы клиент тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын өткізген. Оқыту аяқталған соң, тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, 10 пайыз табыс уәде еткен. Алайда қаражатты алғаннан кейін уәдесін орындамай, ізім-қайым жоғалған. Әйелдің тұрғындардан алдап алғаны – 50 миллион теңге. Сотта 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмыс дәлелденіп, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Осындай оқиғалардан кейін қазір қаптап кеткен бизнес-коучтар халық сенер сенбесін білмейді.
———————————————