«Кеген» және «Қарқыра» шекаралық бөлімшелері енді тәулік бойы қызмет көрсетеді

Алматы облысындағы «Кеген» және Қырғызстанның «Қарқыра» шекаралық бақылау бөлімшелері бұдан былай жолаушыларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. Екі елдің тиісті ведомство басшылары шекара бойында кездесіп, жаңа қызметтің тұсаукесерін өткізді. Бұған дейін бұл бөлімшелер күндіз ғана жұмыс істеп келген. Ол айтарлықтай қолайсыздық туғызатын. Уақытынан кешіккен жолаушылар шекарадан өте алмай, келесі күнге қалып қоятын. Енді олай болмайды. Жалпы қазақ-қырғыз шекарасын былтыр 55 млн адам кесіп өткен. «Бұл ағын жыл өткен сайын 15-20 пайызға артып келеді», — дейді мамандар.
САБЫР ДОСЫМБЕКОВ, КЕГЕН АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Бұл енді керемет жаңалық болды деп айтсам артық емес. Бұның өзі ел үшін, халық үшін өте қуанышты жағдай десем болады.
———————————————