Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Қытайға барады. Президент Шанхай ынтымақтастық Ұйымы саммитіне қатысып, «Қазақстан – Қытай» іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлейді. Қытайдың ірі компания басшыларымен кездеседі. Сапар соңында Қазақстан Президенті Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болады.

Ал бүгін Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
———————————————