Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Селтик» клубтары кездеседі

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Селтик» клубтары кездеседі. Қарымта матч Алматыдағы орталық стадионда болады. Бұған дейін қос команда Шотландияның Глазго қаласында жолығып, 0:0 есебімен тең тарқасты. Енді Алматыда өтетін ойында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтетін команда анықталады. Қазір қос команда Алматы қаласында матч алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген кездесу 21:45-те басталады.
———————————————