«Ынтымақ пен бірлік: болашақты бірге құрамыз»! Дәл осы ұранмен Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының гуманитарлық форумы басталды. Шараға жетекші БАҚ басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері мен дипломатиялық корпустың 150-ден астам мүшесі қатысуда.
Сондай-ақ шара аясында халықаралық «Silk Way Star» музыкалық байқауының тұсауы кесілді. Бұл – Қазақстан Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясының бірлескен бастамасы. «Silk Way Star» елдер мен халықтар арасындағы жаңа шығармашылық алаңға айналып, сенім мен шабыт көпірін қалыптастырмақ. Музыкалық шоуының алғашқы маусымы CCTV-3 телеарнасынан көрсетіледі. Ал екінші маусымды Қытайда түсіру жоспарланған. Байқауға 12 елдің өнерпаздары қатысуға ниет білдірген. Финал 22 қарашада «Jibek Joly / Silk Way» арнасында және қатысушы елдердің ұлттық телеарналарында тікелей эфирде өтеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.