Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӨРТЕНГЕН ЕРКЕК
Алматы әуежайында ер адам өз өзіне от қойды. Тәртіп сақшылары оны дер кезінде құтқарып қалды. Денесін күйік шалған еркек жансақтау бөліміне түсті. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге беймәлім.
СЕРТИФИКАТ СЕРГЕЛДЕҢІ
Петропавлдағы автомектептердің бірінде оқыған жүздеген адам «курсты аяқтады» деген сертификат ала алмай жүр. Олар тіпті арнайы базаға да енгізілмеген болып шықты. Ал автомектеп өкілдері қаражатты қайтармай қойған.
ҮРЕЙЛІ ЛИФТ
Өскемендегі 300-ден астам лифт әбден ескірген, шұғыл жөндеу қажет. Іске қосылғанына 40 жыл болған жеделсаты қалт-құлт етіп әзер жүр. Тұрғындардың көбі оған мінуге қорқады.
ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ
Үкімет алдағы үш жылдың бюджет жобасын қарап, мақұлдады. Егер 2026-2028 жылдарға бағытталған әлеуметтік-экономикалық болжам бұлжымай орындалса, Ұлттық қордан көк тиын алынбайды.
«КАРАДАЙЫНЫ» КӨРІҢІЗ!
Араға жылдар салып эфирге қайта оралған «Карадайы». «Жетінші арна» 27 тамыздан бастап көрерменге түріктің телехикаясын ұсынады. Көріңіз, қапы қалмаңыз!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.