Степногорскідегі апат: қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында болған апаттың мән-жайын арнайы комиссия анықтайды. Оның құрамында еңбек инспекциянының өкілдері бар. Қазір полиция істі тергеп жатыр. Қаладағы жылу электр орталығында төтенше жағдай болған еді. Қазандықтағы құбырлар байламын ауыстыру барысында ол кран ілмегінен шығып кетіп, 4 жұмысшыны басып қалды. Апат орнында бір жұмысшы көз жұмып, тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Степногорскідегі қалалық жылу орталығында монтаж жұмыстары кезінде бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
———————————————