Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жұрт түнгі сағат бірден кейін люстра мен жиһаздың теңселгенін айтқан.
Ал бұл кадрларды Дағыстан тұрғындары әлеуметтік желілерде жариялады. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған жайтты растады. Ведомство дерегінше, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат түнгі 1:33-те тіркелген. Эпицентрі Ресей жағындағы Каспий теңізінде болған. Магнитудасы – 5,2 балл. Қазақстандық сейсмологтардың хабарлауынша, жер асты дүмпулері Маңғыстау облысында 2 балға жеткен. Зілзала Әзербайжан аумағында да сезілген. Қираған мүлік пен зардап шеккендер жоқ.
———————————————