Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында қоршаған ортаны қорғаудың маңызыдылығын ерекше атап өтті. Президент тапсырмасымен экологиялық мәдениетті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы әзірленді. Игі бастаманың нәтижесі бар. Еліміз бойынша 700-ден астам экологиялық сенбілік өткізіліп, оған 10 млн-дай адам қатысты. Ел бойынша 1 млрд 300 миллионнан астам түп көшет отырғызылды. Арал теңізінің құрғаған түбіне де 49 млн жуық сексеуіл егілді. Халықтың экологиялық мәдениеті де артқан. «Бүгінде көптеген кәсіпорын «Таза қазақстан» аясындағы іс-шараларға белсенді атсалысып, экожобаларға қолдау көрсетіп келеді», — дейді мамандар.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
— Өткен жылдың соңында Қазалы қаласындағы 33 га алаңға қуаттылығы жылына 3 млн көшет беретін орман тәлімбағының құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы ауданы 15 га тәлімбақты жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тіклей ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.