Еліміздің шығысындағы елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері құрылып жатыр. Шемонаиха және Глубокое ауданында жаңадан екі депо ашылды. Нысандар жергілікті бюджетпен жеке инвестициялық қаржы есебіне салынған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен олардың бәрі техника және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ал бригадалар жергілікті тұрғындардан жасақталуда. Айта кету керек, өңір құтқарушыларына 29 өрт сөндіру көлігі табысталды. Жалпы жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында шөп тұтануының бірнеше дерегі тіркелді. Сонымен қатар ондаған гектар алқапқа жайылған ірі дала өрті болды.
ЕРЛАН ТӨРЕГЕЛДИЕВ, ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазақстанда 6 мыңнан астам ауыл бар. Олардың әрқайсысында мемлекеттік өрт сөндіру бөлімін ашу мүмкін емес. Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың, шаруа қожалықтарының қолдауымен көбінде осындай бекеттер құрылып жатыр.
САҒАДАТ КЕЛДІБАЕВ, АУДАННЫҢ АҚЖ БАС ИНСПЕКТОРЫ:
— 2026 жылға бірінші тоқсанында біз Большая Речка ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – облыс орталығынан шалғайда орнадасқан елді мекен. Бюджетке өтінім берілді, өрт модулін салуға коммерциялық ұсыныс бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.