Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді

Елорда тағы да рухани келісім алаңына айналады. 17-18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі өтеді. Ауқымды шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Діни шараға әлемнің 60 елінен 100-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында түрлі діннің лидерлері, халықаралық ұйым өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері бар. «Демек, алдағы жаһандық форумда салмақты ой айтылып, татымды пікір ұсынылады», — дейді сарапшылар.
———————————————