Алматыда жаңа білім беру жобасы басталды. Оның мақсаты – мектептер арасындағы алшақтықты азайтып, барлық оқушыға тең жағдай жасау. Жобаға қаланың төрт оқу орны қатысып жатыр. Ал ментор ретінде Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия бекітілді. Дәл осы білім ордасы әдістемелік қолдауға жауап береді. Семинарлар ұйымдастырады, тәлімгерлік және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Гимназияда халықаралық бакалавриат бағдарламалары мен көптілді білім беру жүйесі енгізілген, соның арқасында түлектер шетелдік жоғары оқу орындарына түсіп жатыр. Жоба бастамашыларының айтуынша, міндет – тек мектептер арасында тәжірибе алмасу ғана емес, мұғалімдер, ата-аналар және оқушыларды да тарту.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.