Қазақ футболында жаңа есім. Қазір жұлдызы жанған жас ойыншы – Темірлан Анарбековтің атағы жер жарып тұр. Елге жеңіс сыйлаған 21 жастағы қақпашы жалғыз түнде қаһарманға айналды. Кеше ғана оның Instagram парақшасында небәрі 2 мыңнан аса оқырман болса, бүгін жазылушы саны 80 мыңнан асып кетті. Оқырманы сәт санап көбейіп жатыр.
Темірлан Анарбеков 2003 жылы 14 қазанда Атырауда дүниеге келген. 2017 жылы «Қайрат» футбол клубының академиясына қабылданды. 2020 жылы 17 жасында Премьер-лигада «Тараз» командасына қарсы ойында «Қайраттың» негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. 2022 жылы Бірінші лигада өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» командасының капитаны болды. Өткен жылы елордалық «Жеңіс» клубының сапында ойнады. Ал кеше «Қайрат» – «Селтик» матчында пенальти сериясында 3 доп қайтарып, командаға жеңіс сыйлады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.