«Қайрат» тарихи жеңісімен 11 млрд теңге табыс тапты | 27.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ФЕЛЬДШЕРДІ САБАДЫ
Тағы да жедел жәрдем өкіліне қол көтерді. Түркістанда аяғы ауыр келіншекті қарауға барған фельдшер таяқ жеді. Әйелдің күйеуі оны есінен танғанша ұрған. Жедел жәрдем қызметкерлері қашанғы зәбір көреді?

ЖҰМЫСШЫ АЖАЛ ҚҰШТЫ
Степногорск қаласында болған апаттың мән-жайын арнайы комиссия анықтайды. Полиция істі тергеп жатыр. Қаладағы жылу электр орталығында төтенше жағдай болып, бір жұмысшы көз жұмған еді.

АЯҚСЫЗ ҚҰРЫЛЫС
Төрт жылдан бері аяқталмай келе жатқан құрылыс. Атырау облысының Индербор кентіндегі Оңалту орталығында күрделі жөндеу бітер емес. Ал мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қалаға қатынаудан шаршаған.

ТАРИХИ СЕНСАЦИЯ
Қазақстандық футболсүйер қауымның төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалды. «Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтіп, тарихи сенсация жасады. «Селтиктің» сағын сындырған отандық ойыншылар 11 млрд теңге табыс тапты.

КІШКЕНТАЙ КЕРЕЙ
Қаздан қорқып, тұра қашқан үш жасар бала әп-сәтте әлеуметтік желі жұлдызына айналды. Ақтөбелік кішкентай Керейдің қос өкпесін қолына ұстап жүгірген сәті 150 млн-нан астам қаралым жинады.
———————————————