«Қайрат» тарихи жеңісімен 11 млрд теңге табыс тапты

Қуан, қазақ елі! Араға 10 жыл салып, қазақ клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Кеше «Қайрат» клубы шотландиялық «Селтикті» тізе бүктірді. Осы жеңістен 12 миллиард теңгені қанжығасына байлаған алматылық ұжым енді Еуропаның нағыз дүлдүлдеріне қарсы доп тебеді.

Алматы. Орталық стадион. Көрерменге лық толы трибуналар. Бәрі жасыл алаңдағы жағдайға алаңдаулы. Себебі бұл ойын тек «Қайрат» үшін шешуші сәт еді. Сол сын сағаттан сары-қара түсті команда сүрінбей өтті.

Дәл осы сәттен кейін қуанбаған қазақ қалмады. Жанқияр жанкүйер бұл жеңісті жолда да, тойда да тойлады.

РАФАЭЛЬ УРАЗБАХТИН — «ҚАЙРАТ» БАС БАПКЕРІ:
— Бұл кездейсоқтық емес шығар. Өз басым солай ойлаймын. Жаратқанның жоспары болса керек, дәл осы күні қақпаға Темірлан тұрып, жорығымызды ары қарай жалғастыруға жол ашылды.
———————————————