Үндістанда тасқыннан 34 адам опат болды

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында төпелеп жауған жаңбырдан сел жүріп, лай көшті. 34 адам опат болды. Тағы ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мыңдаған адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Апат аймағында білім беру мекемелері түгел жабылды. Бұған дейін су тасқыны 70-ке жуық адамның өмірін қиған еді.
———————————————