Шымкент мұнай өңдеу зауытында қайғылы оқиға болды. Жұмыс барысында автокөтергіш құлап, мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты. «Петро Kazakhstan Oil Продактс» компаниясы оқиғаның себебін арнайы жұмыс тобы анықтап жатқанын мәлімдеді. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Кәсіпорын басшылығы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты. Ал полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық мән-жай анықталуда, істің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Айта кетейік, бұл бап бойынша, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.