Түркістанда шақыртуға барған фельдшерге жұдырық жұмсаған ер адам ұсталды. Еске салайық, 26 жастағы ер адам жүкті келіншегін тексеріп отырған медицина қызметкерін соққыға жыққан еді. Болған оқиғаға қатысты полиция күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажет іс-шаралар жүргізіліп жатыр. «Тергеуге сәйкес заңды шешім қабылданады», — дейді тәртіп сақшылары.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.