Балық экспорттап, 80 миллиард теңге заңсыз табыс тапқан

Балық экспорттап, 80 миллиард теңге заңсыз табыс тапқан. Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы Еуропа елдеріне балық өнімдерін жөнелтуге байланысты ауқымды заңбұзушылықты анықтады. Балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, олар арқылы балық өнімдерін шетелге экспорттаған. Бірақ бұл компанияларда бекітілген су қоймалары да болмаған. Квотасыз аулап, тауарды рұқсатсыз шетел асырған. Мәселен, рұқсаты болған күнде аулау шегі 270 тонна болса, бір серіктестік балықтың 5 мың тоннасын экспорттаған. Қазір экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
ОМАР ФАЙЗИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МТҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тексеріс қорытындысы бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекеттерінен келген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асқан. Анықталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
———————————————