Онлайн-казиноны жарнамалаған 34 блогер күдікке ілінді

Жыл басынан бері әлеуметтік желіде онлайн-казиноларды жарнамалаған 34 блогер күдікке ілінді.
Олар заңды қанша бұзса да, айыппұл төлеп құтылады. Сондықтан құзырлы орган өкілдері ақылы жарнамадан ақша тауып, дәніккендерді қатаң жазалауды ұсынды. Ал Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды. 20 адамға үкім кесілді. Олар дәрілік препаратты әзірлеу деген сылтаумен ұйымға қаржы тартқан. 279 жәбірленуші пирамидаға 400 миллионға жуық теңге құйған. Ұйымға басшылық еткендер 5 жылдан 7 жылға дейін сотталды. Ал 16 адамға 2 және 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы берілді.
ЗАМАНБЕК ИСМАИЛ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. 6 сотталушы бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды, қалған сотталушылар ақтауды сұрады. Сот, сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайларға, денсаулық, отбасылық жағдайларын, асырауындағы кәмелетке толмаған балаларының болуын таныды. Ауырлататын мән-жайларды анықтамады.
———————————————