АҚШ-тағы католик мектебінде атыс болды. Үш адам қаза тапты, оның екеуі – бала. Тағы 17 адам жараланған, 14-і – бала. Екеуінің халі мүшкіл. Бұл білім ошағында 400-ге жуық бала оқиды. Оқиға Миннесота штатында болған. Полицияның мәліметінше, қара киім киген күдікті шіркеудің терезесінен оқ жаудырған. Оның қолында қарудың бірнеше түрі болған. Кейін өзіне қол салды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қарулы шабуылды 23 жастағы Робин Вестман есімді азамат жасаған болуы мүмкін. Бұрын істі болмаған. Күдіктінің бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге бегісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.