Үндістандағы апат: селден 41 адам қаза тапты

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағы сел мен лай көшкіннің салдарымен күресіп әлек. Осы уақытқа дейін, 41 адамның опат болғаны белгілі. Ондағаны із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғи апатқа байланысты 200 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Білім беру мекемелері түгел жабылған. Мамандардың айтуынша, кейінгі бір апта аймаққа түскен жауын-шашын әдеттегі нормадан 7 есе көп болған. Бұл – 1950 жылдан бері болмаған жағдай.
———————————————